Жоба туралы

Құрметті сайтты пайдаланушылар!


Сайттың бұл «Президенттің бизнесті қорғауы» атты арнаулы тарауы Қазақстан кәсіпкерлерінің өздерінің өтініштерін Мемлекет басшысына тікелей жеткізуіне арналған.


Сайтқа тек бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші-бақылаушы және құқық қорғаушы органдардың және олардың жекелеген қызметкерлері тарапынан нұқсан келтірудің нақты фактілері жолдануы тиіс. Президенттік сайттың осы тарауына түскен әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 26 ақпанда Президент жанындағы Кәсіпкерлер кенесінің алғашқы пленарлық отырысы барысында берген тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексеріс жүргізілетін болады.