Жоба туралы

Құрметті сайтты пайдаланушылар!


Сайттың бұл «Президенттің бизнесті қорғауы» атты арнаулы тарауы Қазақстан кәсіпкерлерінің өздерінің өтініштерін Мемлекет басшысына тікелей жеткізуіне арналған. Сайтқа тек бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші-бақылаушы және құқық қорғаушы органдардың жекелеген қызметкерлері тарапынан нұқсан келтірудің нақты фактілері жолдануы тиіс. Президенттік сайттың осы тарауына түскен әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 26 ақпанда Президент жанындағы Кәсіпкерлер кенесінің алғашқы пленарлық отырысы барысында берген тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексеріс жүргізілетін болады


Хабарландыру!
2012 жылдың 1 маусымнан бастап «Президенттің бизнесті қорғауы» сайттың тарауына шағымдану үшін Сіздің өтінішіңіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына және 7-бабының 4-тармағына сәйкес болуы керек.
Ол үшін Сізде электрондық цифрлық қолтаңба болуы тиіс. Электрондық цифрлық қолтаңбаны тұрғылықты жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХКО) алуға немесе «онлайн» режимінде «электрондық үкіметі» порталында тапсырыс беруге болады.
Ал өтінішті өкiл арқылы енгiзу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өкiлдiктi ресiмдеу керек.